Қашаған Жаманқараев

Опубликовано: 01.09.2018

Қашаған Жаманқараев(8.5.1910, Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылы - өлген жылы белгісіз) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, зеңбірек командирі.

Майданға өз еркімен аттанып, резервтегі 1-гвардиялык артиллерия құрамында Сталинград түбінде, Днепр өзені, Курск доғасындағы шайқастарға қатысты. 1-гвардиялық артиллериялық зеңбірек бригадасының (Воронеж майданы, 60-армия, 1-гвардиялық артиллериялық дивизия) зеңбірек командирі аға сержант Жаманқараев 1943 жылы 26 тамызда Романово (Курск облысы,Рыльский ауданы) деревнясындағы шайқаста жау шабуылына тойтарыс берді. 2 танкіні жойып, қалғандарын кері шегінуге мәжбүр етті. 1943 жылы 7 қазанда Губи], Медвин (Киев облысы, Чернобыль ауданы) селоларының жанында Днепрдің оң жағалауындағы плацдарм үшін болған соғыста жаудың 1 взводқа жуық әскерін, 2 танкісін жойды. Осы ерлігі үшін Жаманқараевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.10.1943). Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін туған ауылына оралып жұмыс істеген.

Дереккөздер

↑ А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Қашаған Жаманқараев Туралы Ақпарат

Қашаған Жаманқараев

Қашаған Жаманқараев

Қашаған Жаманқараев Туралы Видео

Қашаған Жаманқараев Сіз қарап жатырсыз.

Қашаған Жаманқараев дегеніміз не, Қашаған Жаманқараев кім, Қашаған Жаманқараев сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

rss