Ғылыми жетекші: Шакаримова Г. М. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы тіршілік күретамыры

Опубликовано: 03.11.2018

М. Қанатұлы , С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті , Семей қ.

Ғылыми жетекші: Шакаримова Г.М.

«Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы

ТІРШІЛІК КҮРЕТАМЫРЫ

Қазіргі күні ел Үкіметі Елбасының берген тапсырмасына сәйкес кең көлемдегі индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруға бел шешіп кірісіп отыр. Осы іске дем беретін маңызды алғы шарттардың бірі ретінде жол , көлік, инфрақұрылымдарын жетілдіру мәселесін айтуға болады.

Еуразия кеңістігінің бел ортасында қоныс тепкен Қазақстан жерінің ұлан-байтақ екендігі көпшілікке белгілі. Жол мәселесіне елгенде мұның өзіндік артықшылықтары да, қолайсыздықтары да бар. Сол қолайсыздықтардың бірі ретінде мыңдаған шақырымдарға созылатын жолды салумен қатар , оны ұстау шығындарының да мол болатындығын айтуға болады. Бірақ соған қарамастан автокөлік және темір жолдардың жылдан жылға қауырт өсіп келе жатқан экономикамыздың күретамыры екендігі түсінікті. Жол болмаса, қатынас болмайды. Қатынас болмаса экономика әлеуеті ашылмайды. Тіршілік тұйықтала береді. Сондықтан жолдың тиімділігі туралы әңгіме қозғаған кезде , мәселе оның өзін- өзі ақтауымен шектеліп қала алмаытындығы анық.

Қазақстанда жол мәселесіне жіті қараудың тағы бір үлкен себебі, жеріміздің батыс пен шығыс арасында географиялық тұрғыдан өте қолайлы орналасуымен түсіндіріледі. Егер біздің жолмен халықаралық талап дәрежесіне сай болса, онда біздің жерімізді әлемдік қозғалыс ағымындағы халықаралық маңызды транзиттік дәлізге айналдыруға болады. Мұның өзі кезінде өзнің керуен жолы ретіндегі маңызды тұрғысынан аты аңызға айналған атақты «Жібек жолын» екінші бір қырынан қайта бір қалыптасуына әкеледі. Бұл жағдай онсыз да табиғи ресурстарға бай еліміздің хзалықаралық тасымал және сауда жолының маңызды бір нүктесіне айналуына мүмкіндік береді. Міне, сондықтан да Қазақстан Үкіметі еліміздің аумағында халықаралық дәліздерді қалыптастыру ісіне ерекше мән беруде.

Өткенде осы мәселе Үкімет отырысында арнайы қаралды. Онда негізгі баяндаманы жасаған Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновтың айтуынша , қазіргі күні елімізде халықаралық жолдарды салу, қалыптастыру , реттеу мәселесінде бірнеше бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үстіміздегі жыолдың өзінде Елбасы бес инфрақұрылымдық нысанда болып, олардағы құрылыстардың басталуына қатысты. Үш нысанда, атап айтқанда , «Батыс Еуропа-Батыс Қытай», «Қорғас-Жетіген» және «Өзен-Түркіменстан шекарасы» нысандарында құрылыс жұмыстары басталды. Бұл жолдар еліміздің Қытай мен Еуропаға және Иран, Парсы шығанағы бағытында жүк жөнелту мәселесін жеңілдете түседі. Ел экспортының тынысын ашумен қатар , халықаралық тасымал арқылы экономикаға қосымша пайда келуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, елімізде жол саласында жүзеге асырылған инфрақұрылымдар да жоқ емес. Мәселен, өткен жылы «Шар - Өскемен» темір жолы желісі пайдаланыла бастады. Маусым айынан басап «Алматы-Защита» қатынасында жолаушы пойыздар жүре бастады. 9 айдың ішінде 2,9 млн.тонна жүк тасымалданды. Енді жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 4 млн.тоннаға жеткізу көзделуде.

Министрдің айтуынша, 2009 жылы жалпы пайдаланымдағы автожолдарды дамытуға , «Жол картасын» қоса есептегенде 199,5 млрд.теңге бөлінген. Жыл аяғына дейін 783 шақырым автожол пайдалануға беріледі. БҰл өткен жылғымен салыстырғанда 35 пайзыға артық.

Кейінгі жыдары жергілікті жолдар едәуір дамыды. Тек 2009 жылдың өзінде бөлінген 98,3 млрд.теңгенің есебінен «Жол картасын» қоса есептегенде 4880 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Үстіміздегі жылдың 1 қарашасында мәлімет бойынша белгіленген жұмыстардың 96 пайызы орындалды, 55 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Сонымен қоса , өткен жылы жалпы пайдаланымдағы 6811 шақырым жолға алғаш рет жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, оған 95,6 мың адам қатыстырылды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде жолдардың жай-күйі 2006 ыжлмен салыстырғанда 1,3 есе, автожол саласындағы жұмыстарға тартылған адамдар саны өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе артты.

Үкімет отырысында жол саласындағы осындай көлемді жұмыстар келесі жылы да жалғасатыны белгілі болды. Министрдің айтуынша, 2010 жылғы бюджет жобасы жалпы пайдаланымдағы автожолдарды дамыту мақсатында республикалық маңызы бар жолдарға 164,5 млрд.теңге, жергілікті жолдар жүйесіне 91,6 млрд.теңге, соның ішінде «Жол картасы» аясында 47,3 млрд.теңге бөлу көзделуде. Бұл биылғы жылғы көлемді сақтауға мүмкіндік береді.

2015 жылға дейін халықаралық дәліздердегі жұмыстарды аяқтау көзделуде. Биылғы жылдың бір ерекшелігі жол саласындағы басты жобамыз «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін қайта салудың бастау алғандығы болды. Дәліздің негізгі бөлігін іске қосуға жалпы сомасы 3,4 млрд.доллар көлемінде қаржы қажет болса , ол халықаралық қаржы институттарының есебінен қаржыландырылады. Жобаны іске асыруға отандық компанияларды қатыстыру мүмкіндіктерін қалыптастыру үшін дәліз 33 учаскеге бөлінген. Осы ретте Әбілғазы Құсайынов Жамбыл және Қызылорда облыстары арқылы өтетін 18 учаскенің конкурстық рәсімдері аяқталып қалғандығын айтты. Айдың аяғына дейін нақты келісімдер жасалынып, мердігерлерді жұмысқа жұмылдыру жоспарлануда , Ал кең ауқымдағы негізгі жұмыстар 2010 жылы басталмақшы. Құрылыс жұмыстары 2013 жылы толықтай аяқталатын болады.

Оның үстіне 2010 жылы автожол саласындағы юбірқатар концессиялық жобаларға конкурстар жарияланған болатын. «Алматы-Қорғас» және «Алматы - Қапшағай» концессиялық жобалары бойынша конкурсттық конверттерді ашу рәсімдері өткізілді. 2010 жылы 1 ақпанға дейін концессиялық келісім-шарттарға қол қойылған болатын. Жалпы, 2010-2014 жылдар аралығында жалпы пайдаланымдағы 30 мың шақырым автожолдар, оның ішінде 18 мың шақырым республикалық маңызы бар жолдар мен 12 мың шақырым жергілікті жолдар қайта салынып , жөндеуден өткізілмек. Бұл республикалық жолдардың 85 пайызын, ал жергілікті жолдар жүйесінің 70 пайызын жақсы және қанағаттанарлық деңгейде жеткізуге мүмкіндік береді.

Азматтық авиацияда 20 әуежайдың 9-ы жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде ИКАО талаптарына сәйкестендірілді. Үстіміздегі жылы концепссия есебінен Ақтау қаласында жаңа терминал іске қосылды. Республикалық бюджет есебінен Қызыолрда қаласының әуежайы қайта салынуда. Ұшу – қону жолағын қайта салу мен сервистік және әуежайлық арнайы техникамен қайта жарақтандыру келесі жылға жоспарлануда. 2010 жылы Көкшетау қаласының әуежайы қайта салынып, сонымен бірге Алматы қласындағы жаңа жолаушы терминалының құрылысы аяқталған болатын.

Сөз соңында менің ұсынысым:

Алдағы жылдары да осындай көптеген «Жол карталары» ашыла берсе екен деген үлкен үміттемін!
rss